Воскресенье, 19.11.2017, 02:12
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Ваше отношение к 12-летнему образованию
Всего ответов: 174
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Внеклассные мероприятия

Интеллектуалдық ойын: «Тіл – білімнің кілті»
[ Скачать с сервера (1.65Mb) ] 17.02.2014, 10:42

№4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Баймұқанова З.Қ.

Интеллектуалдық ойын:  «Тіл білімнің кілті».

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалдық ойын-сайыс

 

Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру.

Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойда, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 2  топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

 

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

 

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

 

ІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»

Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз.

 

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

 

І -айналым «Ұшқыр ой»

Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 5  оқушы 1 сұраққа жауап береді.

 

«Сұңқар» тобына:

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

4. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

5. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Болашақ» тобына:

1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)

3. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

4. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

5. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

 

ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: школа
Просмотров: 2389 | Загрузок: 158 | Рейтинг: 3.2/12
Всего комментариев: 0
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%