Понедельник, 23.04.2018, 14:40
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Какое вы имеете отношение к средней школе №4?
Всего ответов: 103
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Внеклассные мероприятия

Қазақтың ұлы ғалымы, тұңғыш зерттеушісі – Шоқан Уәлиханов
[ Скачать с сервера (73.5Kb) ] 14.03.2013, 15:05

Қазақтың ұлы ғалымы, тұңғыш

зерттеушісі – Шоқан Уәлиханов

 Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығына

арналған 11 сыныпта өткізілген ашық шараДайындаған:

                                                    қазақ тілі мұғалімі

                                                     Ғабдуллина Г.Ғ.   


Қазақтың ұлы ғалымы, Шоқан Уалихановқа 175 жыл.

Тәрбиелік: ғалым еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімге, өнерге, ізденімпаздыққа, өздік шығармашылыққа баулу, оқушылардың әдебиетке, жағрафияға қызығушылықтарын, туған өлкесіне сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериал, оқулықтар, кескін карта, Қазақстанның физикалық картасы.

1-топ. Шоқанның өмір жолдары:

арғы тегі, туып – өскен ортасы, балалық шағы;

Шоқан – суретші, саятшы, Шоқан және музыка;

білім алу кезеңі(Омбыда оқуда болған жылдары).

2-топ. Шоқанның ғылыми қызметі:

Шоқан-әдебиет зерттеушісі;

Шоқан – этнограф;

3-топ. Шоқан – саятшы, тарихшы.

Шоқанның Ыстықкөл аймағына, Қашқарияға саяхаты;

Шоқан өмірінің соңғы кезеңдері

Оқушылар 1-ші топтан Шоқанның өмір жолдары туралы естіген мәліметтерді мұқият тыңдап, сұрақтары болса, оған жауап алуларына болады.

1-топ. Бірінші оқушы: - Шоқан(Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уалиханов – қазақ халқының ХІХ ғасырдың екінші бөлігіндегі талантты ғалым ұлдарының бірі. Ш.Уалиханов – Еуропа мәдениетін мол игеріп, неміс, француз, орын тілдерін, әдебиетін терең таныған жан. Өз халқы ғана емес, көрші қырғыздың, Қашқардың, Қытайдың, Жоңғарияның мәдениеті, әдебиеті, тарихы, философиясы, жағрафиясы жайлы құнды еңбектер жазып қалдырған, алғаш қазақ әдебиеті теориясы, аңыз әдебиеті жайында жазған зерттеулері – бүгінгі күнге дейін бағасын жоймаған мұра.

Ш.Уалиханов қазіргі Қостанай облысының Қосмұрын бекетінде 1835 жылы дүниеге келді. Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың арғы заты асыл нәсіл сұлтандардан тарайды. Арғы атасы бүкіл қазақтың басын қосқан, Алаш жұртын жоңғардың жойқын майданында жеңіс туымен желбіретіп алып шыққан, аты аңызға айналған Абылай болатын. Ресей мен Қытай ортасында екі алып ел арасында от пен судан аман алып шыққан саясатын Орта жүздің соңғы ханы Уәли жалғастырған. Сондықтан болар Шоқан өз фамилиясына Уәлиханов атын таңдағаны. Шежіре:

Уәли Қанішер Абылай(Түркістан қаласының билеушісі)

Көркем Уәли(Орта жүздің сұлтаны)

Абылай хан (Әбілмансұр)

Уәли (Орта жүздің ханы)

Шыңғыс (Орта жүздің сұлтаны)

Шоқан-әдебиет. Екінші оқушы: - Абылай ханның ұлы (Шоқанның туған атасы) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің екінші әйелі Айғанымда қалған. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған. Әжесі бала күннен «Шоқаным деп еркелетіп айтумен» «Шоқан» аталып кеткен.

Айғаным – парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған әйел. Ол Шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойды.

Үшінші оқушы: - Шоқанның әкесі Шыңғыс 1811 жылы Хан көлінде (Қызылағашты) туады. Уәли көз жұмғанда Шыңғыс жеті жаста екен.

Айғаным орысша оқып, білім алудың маңызын терең түсінген. 1827 жылы ол өзінің баласы Шыңғысты – Шоқанның әкесін Сібірдің линиялық қазақтарының әскери училищесіне оқуға түсіреді. Шыңғыс орыс тілін жете меңгерген тұңғыш қазақтардың бірі еді және соның арқасында ол орыс мәдениетінің бай қазынасымен терең танысады. Әскери училищені бітіргеннен кейін Шыңғыс 23 жасында жуырда ғана құрылған  Аманқарағай округіне аға сұлтан болып тағайындалады. 1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Қосмұрынға көшірілді де, содан былай ол Қосмұрын округі деп аталды. Шыңғыс Қосмұрында 20 жыл тұрады.

Төртінші оқушы: - Ұшқан ұя. Ұлы ғалымның балалық шағы Қосмұрында, кейін Сырымбетте өтеді. Шоқанды орта есейтеді, оған себеп болған қазақтың бай ауыз әдебиеті еді. Осы бай мұраны жаттап өскен баланың зердесі ғана өсіп қоймай, өзі де бірге жетіледі. Жас шағында-ақ Шоқан зерек те, зейінді болады. Шоқан көп әңгімені әжесі Айғанымнан естіп өседі. Сондықтан да, Айғаным бейнесі Шоқан есінде мәңгілік  қалады, аяулы әже, қамқор қария есті ұлды Алаштың сұлу әлемі – әдебиет әлеміне әкеліп қосады. Ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебінде, 1847-1853 жылдары омбыдағы кадет корпусында оқиды. Бұнда саяси-әскери сабақтармен бірге батыс, орыс әдебиеттері, философия, математика негіздері, шетел тілдері оқытылатын. Орыс тілін білмейтін дала ұлы бірден оны меңгеріп кетеді.

Бесінші оқушы: - Шоқан мектепте араб жазуының қыр-сырын үйреніп, сурет салуға машықтанады. Шоқан араб тілін таза меңгереді. Ал араб тілі сол кезде аса бай қазына иесі болатын. Сол кездегі бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша хан саласы «Жеті жұрттың тілін білу керек» еді. Осыны жадына тоқыған Шоқан Шығыстың көп тілін біліп өседі. Араб тілі, парсы тілі, ұйғыр тілін ерте танып ержеткен Шоқанға кейін Орта Азияны зерттеу қиынға түспейді.

Алтыншы оқушы: - Шоқанның тағы бір құмартып еліккен өнері – сурет болады.

Сурет салу оның бұдан кейінгі ғылыми жұмысында көп көмектесті.

Бұған қоса Шоқан бала кезінен саяткерлікті сүйеді. Аңшылықты ұнатады.  

Жетінші оқушы: - Кадет корпусын 18 жасында, 1853 жылы бітірген Шоқан Омбы қаласында әскери қызметін бастайды. Бір жылдан соң Батыс – Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында генерал-губернатор болып жіберілген Гасфортқа адъютант болып сайланды. Бұл Шоқанның Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын, жағрафиясын, әдебиетін терең, зерттеуіне мүмкіндік береді.

1-ші топ мүшелеріне қоятын сұрақтарың бар ма?

1)Шоқан Омбыда оқып жүрген кезінде кімдермен дос болды?

2)Шоқанды полиглот деп айта аламыз ба?

Енді Шоқанның ғылыми қызметі жайлы 2-ші тор мүшелері дайындаған шолуларды көңіл қоя отырып тыңдайық.

2-ші топ сөйлейді:

Бірінші оқушы: - Шоқан алғашқы әдебиетке араласқан сәтінен бастап-ақ қазақтың бай ауыз әдебиетінен сусындап өсті, ары қарай әлемге танытушы да болды. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жыры, көптеген мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырларының үлгілерін жазып қалдыруы – Ш.Уәлиханов еңбектерінің бір саласы.

Екінші оқушы: - Осымен бірге зерттеуші «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» деген еңбегінде алғаш рет бөліп қарайды. Бұлай болуы қазақ әдебиетінің тіпті түркі әдебиетінің табысы деуге болады.

1.Аса ірі дастандарды ғалым «Жыр» дейді. Бұған «Қозы Көрпеш – |Баян сұлу», «Ортақ Батыр», «Ер Көкше» секілді шығармаларды кіргізеді. Яғни, қазақ әдебиетіндегі «Жыр» атты терминді алғаш енгізуші Ш.Уәлиханов деуге әбден болады.

2.Осыған қоса, Ш.Уәлиханов қазақтың жоқтауын «Жылау» деп атайды.

3.Жиын-тойда, қазақтардың мейрамында айтылатын шалт, қысқа да тапқыр сөзбен қағысар айтыс түрін «Айтыс» дейді.

4.Үшінші оқушы: - 1853 жылы 18 жасында Кадет корпусын табысты аяқтаған Шоқан Омбыдағы генерал губернатор Г.Х.Гасфорттың адъютанты болып қызметке орналасады. Осы әскери қызметін атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының, әсіресе, Шығыс Түркістан елдерінің тарихын, қоғамдық құрылымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, географиясын зерттеуге ден қояды. 1854 жылдан бастап Шоқан Жетісу жерін, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін аралап шығады.Бұл сапарларында ол жергілікті халықтың тарихы, жер-су аттары, әдет-ғұрпы, діни сенім – нанымдарына байланысты мол материалдар жинайды. Кейіннен осы жинаған рухани дүниелері негізінде ол «Тәңірі»(Құдай), «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты зерттеу еңбектерін жазады.

5.- Оқушылар, Шоқанның ауыз әдебиетінен жинаған үлгілерімен таныстық, 2-ші топқа қоятын сұрақтарың бар ма?

6.1) Шоқанды неге этнограф дейміз?

7.Шоқанды саяхатшы, тарихшы дейміз, 3-ші топтың осы тақырыпқа дайындаған мәліметтерін зейін қойып тыңдайық.

8.3-ші топ сөйлейді:

9.Бірінші оқушы: - Шоқан – Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Қазақстанды, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеген ойшыл, кемеңгер ғалым.

10.1856 жылдың мамыр айында Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына саяхатқа шығады. Омбыдан бастаған бұл сапарында ол жол-жөнекей Семей, Аягөз, Ақсу, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді. Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы материалдарын жинап алады. Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсіреді. Одан соң Ыстықкөлге табан тірейді.

11.Ыстықкөл сапарының нәтижесі бойынша саяхатшы ғалым «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» атты еңбектерін жазды. Қырғыз жыршыларының аузынан «Манас» жырының нұсқаларын жазып алды.

12.Екінші оқушы: - Ыстықкөлге сапардан соң Шоқан Қашқарияға саяхат жасайды.

13.Ержүрек саяхатшы бұл сапарда талай-талай қиындықтардан өтеді. Қашқарияда Шоқан 1858 жылдың 1 қазанынан 1859 жылдың наурыз айының ортасына дейін болған кезде Қашқар қаласы мен Алты шаһар елін терең зерттейді. Бұл сапарда жинаған материалдары «Қытай империясының басты провинциясы және Құлжа қаласы», «Жоңғария очерктері» атты еңбектерінде пайдаланылады.

14.Үшінші оқушы: - Шоқанның өзі қатысқан саяхаттарынан жазған еңбектері оның есімін бүкіл ғылыми және әдеби әлемге әйгілі етті. Шоқанның ғылыми ғұмырнамасында әйгілі саяхатшы П.П.Семенов – Тянь-Шанскийдің орны орасан зор. Шоқанның ғылыми мүмкіндіктерін жоғары бағалаған атақты ғалым П.П.Семенов – Тянь-Шанский оны орыстың императорлық географиялық қоғамына мүшелікке ұсынған. Соның нәтижесінде Ш.Уәлиханов 1857 жылы 17 ақпанында небәрі 22 жасында орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланды. Бұл қазақ халқының тарихында болмаған оқиға болатын.

15.Төртінші оқушы: - 1860 жылғы 8 сәуірдегі Үкімет әкімі бойынша поручик Шоқан Уәлихановқа штабсротмистер әскери атағы, 4-дәрежелі ізгі Владимир ордені, 500 сом күміс ақша берілген. 1863-1864 жылдың қысында Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысады. Осы жолы ол «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазады.

16.1864 жылы наурыз – маусым айларында Шоқан генерал М.Г.Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға(Таразға) келеді. Содан Верный қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылына(Талдықорған қаласы) барып тоқтайды. Сонда үйленіп тұрып қалады.

17.Бесінші оқушы: - Бұрынғы өкпе ауруынан 1865 жылдың 10 сәуірінде 30-ға жетпеген шағында қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.

18.Шоқан өлімі қазақ халқына және оның орыс достарына тым ауыр тиді. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған(1904) Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзіне академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», - деп жазды.

19.Алтыншы оқушы: - Ел басының «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Шоқан Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына орай, 1985 жылы 20 қыркүйекте «Алтынемел» мемлекеттік мемориалдық мұражайы ашылды.

20.Жетінші оқушы: - Кең байтақ Қазақстанымыздың көптеген қалалары мен облыс орталықтарында Шоқан Уәлихановқа ескерткіштер орнатылып, мұражайлар ашылып, көшеге аты берілген. Өйткені, ғалым өмірі – ұрпаққа ұлағат.

21.Сегізінші оқушы: - Ол өз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Шоқан – терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманыңда ғылымда бірқатар мәселелерді жаңаша көтерген ірі ғалым. «Шоқан тұлғасы сырға бай, ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып ой кешіп отырғанда, Шоқан өмірде рас болды дегенде сеніңкіремейтінім рас. Кішкене ғұмырында соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?...» - деп жазды Ш.Айтматов.

22.Енді 3-ші топ мүшелеріне қоятын сұрақтарың бар ма?

23.1) Шоқан тарихшы, құқықты зерттеуші ретінде қандай еңбектер жазды?

24.Сабақты бекіту.

25.Топтардың жұмысын жинақтай келе, «Шоқан кім?» деген сұраққа жауап беру үшін келесі кластерді толтырамыз.

26.Шоқан кім?

27.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі – егемен еліміздің жастары үшін тамаша улгі – өнеге.

28. 

29.                   Қазақтың бір ғалымы бар Шоқан деген.

30.                   Туыпты  Қостанайдың Құсмұрын бекетінде

31.                   Арғы атасы аңызға айналған Абылай екен,

32.                   Сол Шоқан 175 жасқа толды биыл, міне.

33.                   Жастайынан зерек болып,

34.                   Дос болып, барлық ұлтпен араласып,

35.              Меңгерген тілдің бәрін,

36.              Үйретті болашаққа соның бәрін.

37.               Аз ғана ғұмыр кешті өмірінде,

38.              Атқарды көп істі сол кездерде.

39.              Оған айтар алғысымыз көп біздің,

40.              Деп еліңді биіктерге жеткіздің!

 

 


Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: школа
Просмотров: 8991 | Загрузок: 187 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2018
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%