Среда, 29.03.2017, 20:16
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Какой ваш любимый предмет?
Всего ответов: 317
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков для начальных классов

Разработка урока на тему "Қош бол, сүйікті Әліппем!"
[ Скачать с сервера (83.0Kb) ] 14.01.2015, 13:43

Қош бол, сүйікті Әліппем!

Өткізген  1«Ә» сынып мұғалімі: Калиева А. С

 

Қош бол, сүйікті Әліппем!                                                                                                                                                    Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: біліктілік - әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс - әрекеттері арқылы икемділігін қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
Дамытушылық - оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, байқату, олардың ой өрісін, тіл байлықтарын, тапсырдық, ізгілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік - оқушылардың ата - ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», шар, гүлдер.
Барысы.
Мұғалім: Қымбатты аталар, ақжаулықты аналар! Бүгін 1 - сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, біз бүгін барлық ғылымының атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппемен қоштасқалы отырмыз. бүгін біз шексіз қуаныштымыз.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер соған жауап беріңдер.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар.
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым - Әліппе,
Мені анадай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен әкпең де.
Балалар, сендер мені оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер!
Оқушылар: жұмбақ, жаңылтпаш, өлең, ән үйрендік. Сонымен қатар жазуды, оқуды да меңгердік.

Ән: «Әліппе!»
Тақпақ:
Ерхат: Әліпбейдің «А» тұрады басында,
Әрқашан да «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші.Ал осының сыры неде түсінші?

Мирас: «А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты.
«Б» дегенің ол балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі

Томирис: Білімге жолды бастаған,

Әліппем, саған мың алғыс!

«Оқы» деп ұран тастаған,

Әліппем, саған мың алғыс!

 

Асылхан: Бар кітапқа бас болған

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

 

Әділет: Әліппе – білім анасы,

Әліппе – кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?

 

Аружан: Әліппем менің, әліппем,

Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп-көп рахмет.

Әліппе: Рахмет балалар мен жайлы тақпақ айтып бердіңдер, ал енді менің сендерге деген тапсырмаларым бар, сендер мені оқыдыңдар, сендер менің тапсырмаларымнан сүрінбей өтесіңдер дегенге сенімдімін.

  1. Тапсырма: Мына сөздердің барлығына ортақ әріпті табыңдар.

 

Жүзім Қарбыз Пияз, Су Ауа Уық, Қияр Пияз Қоян

  1. Тапсырма: Мына сөздердегі қалдырылған әріптерді табыңдар.

 

Сағ…т       т…лкі            …өрік          ү…рек          

  1. Тапсырма: Оқу, білім, еңбек жайлы мақал айтыңдаршы:

Көп біл, аз сөйле.

 

Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

 

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

 

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

 

Оқу инемен құдық қазғандай.

 

Күш – білімде.

 

Ер қанаты ат.

 

Еңбек түбі – береке,

Көптің ісі – мереке.

 

Оқу түбі-тоқу.

 

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

Отан оттанда ыстық.

 

Кітап алтын қазына.

 

Сөз сөзден туады,

Сөйлемесе неден туады.

Әліппе: Балалар, мен енді сіздерді жаңа достарыммен таныстырамын. Ана тілін оқитын боласыңдар, жаңа достарыңыз. Ана тілін қарсы алыңыздар.

Бәрі: Қош келдің, Ана тілі.

Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, менің жаңа достарым. Енді мені оқитын боласыңдар.

Мен де келдім дайындалып тойыңа,
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек.
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа,
Таза ұста, оқы мені қастерлеп.

 Бәрі: Оқимыз, таза ұстаймыз.

Әліппе:Ал енді менің сендер мен қоштасатын уақытым келді.

Жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата –ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе:  

Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар:    Балаларға үйреткен.
Хормен.Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.

Жүргізуші: Әліппе біздің балалар сізге «Рахмет саған Әліппе» әнімен жеткізсін.
Ән: « Рахмет саған әліппе»
Жүргізуші: Міне балалар Әліппені де шығарып салдық.

Ана тілі: Ия дұрыс айтасыз, әліппені де шығарып салдық, енді балалар сендер мені оқисыңдар. Маған деген қандай өнерлерің бар?

Тақпақ:

Томирис: Қазақпын деп айтатын
Кіп-кішкентай қызыңмын.
Қазақпын деп мақтанып,
Айтатұғын келді күн.

 

Асылхан: Ана тілің — елдігім,

Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

 

Әділет: Ана тілің, біліп қой,

Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің, біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 

Мирас: Жадыраған, жайнаған,

Еркін елдің гүліміз.

Айналайын ана тіл,
Қазақша оқып жүрміз біз.

 

Аружан: Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

 

Ерхат: Ақыл-ойың дананың

Ана тілден аламын.

Анам тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

 Ана тілі: Керемет мен жайлы жақсы тақпақ біледі екенсіңдер.

Сендер Әліппені оқыдыңдар, Әліппеден өздеріңге  білім алдыңдар, ал енді мен сендердің сол білімдеріңді тексергім келіп тұр. Менің сендерге деген 3 тапсырмам бар, сол тапсырмаларды маған орындап берсеңдер, сендердің қаншалықты мықты екендеріңе көз жеткізгім келіп тұр.

1 тапсырма:

  1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42 әріп)
  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Дыбыстар 2-ге бөлінеді)
  3. Қандай дыбыстар болып? (Дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс)
  4. Дауысты дыбыс дегеніміз не? (Дауысты дыбыс дегеніміз өкпеден шыққан ауа ауыз қуысына келгенде түрлі кедергілерге ұшырамай ауа созылып айтылса дауысты дыбыс болады)
  5. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? (Дауыссыз дыбыс дегеніміз өкпеден шыққан ауа ауыз қуысына келгенде түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шықса дауыссыз дыбыс болады)
  6. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты дыбыс 2-ге бөлінеді)
  7. Қандай –қандай? (Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыс)
  8. Жуан дауысты дыбысқа қандай дыбыстар жатады? (А, О, Ұ, Ы)
  9. Жіңішке дауысты дыбысқа қандай дыбыстар жатады? (Ә, Е,Ө,І)

 

2 тапсырма:

Әріптерден сөз құрау

3 тапсырма:

Сөйлемді дұрыстап жаз.

Ана тілі: Өте жақсы тапсырманы өте жақсы орындадыңдар рахмет сендерге балалар. Енді сендер мені оқып менен  көп білім аласыңдар деген ойдамын.

Жүргізуші: Ана тілі біздің балалар сіздің тапсырмаларыңызды орындап берді, енді біраз серігіп сізге балапандар биін билеп берсін.

Би: Кішкентай балапандар

Ана тілі: Міне тамаша,қалай керемет билейсіңдер. Балалар сендердің өнерлерің өте тамаша, манадан өнерлеріңді аямай көрсетіп жатсыңдар. Алдағы уақытта мен сендерге тек қана оқуларыңды «5» деген бағаға оқыңдар деп айтқым келеді.Сабақтарыңды жақсы оқып, ата-аналарыңа тек қана қызық көрсете беріңдер.Менің сендерге деген кішкентай сыйлығым бар, сол сыйлықты тарту етуге рұқсат етіңіздер.Бұл медаль балалар сендерге тек «5»-тік баға алыңдар дегенді білдіреді.

Ән: Әрқашан күн сөнбесін.

Мұғалім: Ал балалар сендер осы Әліппені оқып, оздеріңе білім, тәрбие алдыңдар,Әліппені жақсы аяқтағандарың үшін сертификат беруге рұқсат етіңіздер!

Мұғалім:   Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.                                                                                         Осымен шағын ертеңгілігіміз аяқталды.
-    Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рақмет!
-    Қош сау болыңыздар.

Категория: Разработки уроков для начальных классов | Добавил: школа
Просмотров: 442 | Загрузок: 20 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%