Вторник, 26.09.2017, 13:57
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Ваше отношение к ЕНТ
Всего ответов: 124
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков для начальных классов

Разработка открытого урока по самопознанию на тему: "«Сыйласаң - сыйлы боласың»"
[ Скачать с сервера (432.1Kb) ] 14.01.2015, 13:48

Ашық сабақ       Пән: өзін-өзі тану       Тақырыбы: «Сыйласаң  - сыйлы боласың»

 Өткізген 1 «ә» сынып мұғалімі: Калиева А. С

 

Пән: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Сыйласаң – сыйлы  боласын

Өзіңді сыйласаң – сыйымды боларсың.

Халық даналығы

Мақсаты: «Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;
  • Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;
  • Достық, туыстық, сыйластық қарм-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер

Шаттық шеңбері

Балалар мұғалімен бірге  шеңберге тұрып,өлеңді  қимылмен көрсете отырып айтады.

Үлкенге де сіз,                           (оң қолын алға созады)

Кішіге де сіз.                              (сол қолын алға созады)

Барша жанды құрметтеп,         (екі қолын кеудеге қояды)

Бас иеміз біз.                             (бас иеді.)

Әңгімелесу

Әңгіме сыйластық туралы түсінікті кеңейту  үшін ұйымдастырылады. Мұғалім мәтінді  дауыстап оқиды, балалар мәтін бойынша  сұрақтарға жауап береді.

Сыйласаң – сыйлы боласың

Әсем – үздік оқушы. Тәртібі де жақсы. Өлең-жырды көп оқиды. Сондықтан да   оған демалыс орнына жолдама берді.                                                                                                             Анасы  Әсемнің киім-кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпаған еді» деп уайымдап жүр.

  • Алыс жолға  жүрейін  деп  отырсың, ауылдағы үлкендерге сәлем беріп, амандасып қайт,- деді апасы Әсемге.

Әсем дос қызымен Бәтен, Патша апаларға, Бақтыкерей, Сәбит аталарға барып сәлемдесті.

  • Ертең Бурабайға, барғалы жатыр едім. Сіздермен  қоштасуға келдім,-деді   сәл ұяла сөйлеп.
  • Сапарың оң болсын!
  • Аман жүр, қарағым!
  • Өркенің өссін!-деп, үлкендер  риза болып, бата-алғыстарын айтып,  үйлерінен дәм  татқызды.

Бұл – үлкенді  сыйлай білудің  белгісі. Сыйласаң – сыйлы боласың.

  • « Сыйласаң -  сыйлы боласың»  дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді.

Дәйексөз

Мұғалім тақтаға  «Өзіңді сыйласаң-сыйымды  боларсың» деп жазып қяды және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде  түсіндіреді.

  • Әсемнің  үлкендерді  сыйлап,  әдейі амандасуға келгенін түсінген  олар да Әсемге сый көрсетті. « сыйласаң – сыйлы боларсың» деген осы.  Өзін сыйлай білетін адам өзге адамдарды ренжітпейді, олардың көңілдеріне  қарайды, сыйлайды, оларды түсінуге тырысады. Себебі  өзін олардың орнына қойып көреді. Ондай адамдар барлық адамдармен тіл табыса алады. Сондықтан да халықта  «Өзіңді сыйласаң-сыйымды боларсың» деген сөз таралған.

 

Шығармашылық жұмыс

Балалар үйден алып келген фото суреттері бойынша « Сыйлаймын өз үйімді» тақырыбында  шығып сөйлейді. Бір  үйде кімдермен бірге  тұратындығы және олардың арасындағы  сыйлы қарым-қатынастар  туралы айтады.  Мұғалім немесе балалар  әңгімелеп  тұрған балаға сұрақ қояды. Ол жауап береді.

Ойын. « Сыйласа білесің бе?»

Мұғалім  сыйластықты білдіретін және сыйластықты білдірмейтін  сөздерді араластырып алдын ала сөз тіркестерінің тізімін  құрастырады.

Оқылған сөз тіркестерін балалар  ойын барысында «дұрыс» деп тапса, қолдарын шапалақтайды. Егер «дұрыс» деп таппаса, алақандарын екі жаққа жаяды.

Сөз тіркестерінің  үлгісі төмендегідей беріледі, мұғалім  оны  өзі тарапынан құрастырған сөз тіркестерімен жалғастырып айтуына болады.

Сөз тіркестерінің үлгісі:

-үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру;

-кішілерді жәбірлеу;

-үлкен кісінің айтқанын тыңдау;

-үлкендердің сөзін бөлу.

 

  •  

Мұғалім төменде берілген мәтінді айтқанда, ара-арасында тоқтап балаларға сұрақ қойып отырады. Балалардың бар ынта-зейіні мен ойы мәтін мазмұнында болуы олардың сұрақтарға жауап бере алуына игі әсерін тигізеді.

      Үш  ұл

                                             Түркімен ертегісі

  • Қарияның жауабын қалай түсінуге болады?

Мұғалім балалардың берген жауаптарына  сүйене отырып, ой түйіндейді.

 

  •  

«Күн шуағы» атты ойын-жаттығу оқушылардың сыйластық  қарым-қатынас  жасай білу дағдыларын толықтыра  түседі.

Балаларға « Өз үйлеріңдегі жақын, туыс адамдарды бір-бірін қалай сыйлайды?» деген сұрақ қойылады. Мұғалім алдын ала күтілетін жауаптар жазылған «күн шуақтарын»  балалардың берген жауаптарына сәйкес тақтада ілулі тұрған сары түсті дөңгелекті айналдыра( құрметтейді, қамқорлық  көрсетеді, көмектеседі, мейірімділік танытады, кешірімді болады, сенім артады, жақсы көреді, жанын түсінеді және т.б.) іліп отырады.

 Үй тапсырмасы

Үйге берілген  тапсырма ребустың шешуін тауып, бос торкөздерді толтыру екендігі түсіндіріледі.

Қорытындылау

Сабақ барысында оқушылардың меңгерген білімдері мұғалімнің көмегімен тұжырымдалады:

  • Сыйластық – адамдар арасындағы ізгі қарым-қатынас. Адамды сыйлай білу үлкен адамгершілікті білдіреді. Ол  адамдардың жақсы әрекеттерінен көрінеді. Адамдарды сыйлай білсең, олар да сені  сыйлайды.  Осындай сыйлы қарым-қатынастардан адамдар қуанышқа бөленеді, тату-тәтті жақсы өмір сүреді.
  •  

Оқушылар үнтаспаға қосылып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқайды.

Әрқашан күн сөнбесін!

Сөзі – Л.Ошаниндікі

Әні – а: Островскийдікі

Аударғандар – І.Мәмбетов, Қ.Ыдырысов

Категория: Разработки уроков для начальных классов | Добавил: школа
Просмотров: 1266 | Загрузок: 27 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%