Понедельник, 20.02.2017, 18:14
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Чтобы вы хотели изменить в нашей школе?
Всего ответов: 101
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков для начальных классов

Разработка открытого урока по математике на тему: "Көп. Біреу. 1 саны және цифры. Сантиметр."
[ Скачать с сервера (80.5Kb) ] 14.01.2015, 13:53

Ашық сабақ          Пән: Математика 

Тақырыбы:«Көп. Біреу. 1 саны және цифры. Сантиметр.»

Өткізген: 1 «Ә» сынып мұғалімі: Калиева А.С

Күні:                                         

Сыныбы:1

Пәні: математика

Тақырыбы: Көп және бір.1 саны мен цифры. Сантиметр.

Мақсаты: 1. Балаларға 1 санының мән-мағынасын аша отырып сан және цифр туралы түсінік

                      беру; Сантиметр туралы түсінік қалыптастыру;

                    2.Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына ықпал ету,логикалық ой-өрісін

                       дамыту;

                   3.Дәптер тазалығына,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер,заттар.

                                             Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару.

Сабаққа қажетті оқу-құралдарын дайындатамын.

Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

ІІ. Өткен сабақты қайталау:

Алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау;

Тақтаға әртүрлі геометриялық фигуралар ілінеді.Балалардың өздеріне белгілі фигураларын тапқызамын.

 «Жұмылған көзіңмен тап» ойынын ойната отырып заттарды тапқызу.

Мысалы, Мен үш бұрышы бар фигураны ойладым.Мен қандай фигураны ойладым?

Таңғы шеңбер:

Амансың ба?

Көк Аспан!

Амансың ба?

Жер Ана!

Амансың ба?

Достарым!

Амансың ба?

Достарым!

ІІІ. Жаңа сабақ:

Балалар бизге біреу тарсылдатып тұрған сияқты, ол кім екен, қанекей есікті ашып көрейінші, балалар біздің сыныпқа бір әдемі қорапша келіп тұр, бұл жай қорапша емес, сиқырлы қорапша сияқты, қанекей бетін ашып көрейікші.

Балалар мына сиқырлы қорапшаның ішінен, 1 саны шықты ғой, және де Тапқышбектің бізге деген хаты бар екен. Хатында не деп жазған қанекей оқиық, «Құрметті менің бүлдіршіндерім, сендер менімен бірге орманға барып, менің тапсырмаларымды жақсы орындап берсеңдер, сендерге, өзімнің ризашылығымды білдіремін, менімен орманға баруға дайынсыңдар ма?»

Оқушылар: Иә

Саяхатқа шықпас бұрын сыныптың ішіндегі 1 затты тапқызу. М: 1 есік, 1теледидар, 1 тақта, 1 қол жуатын, 1 сағат, 1 кілем т.б

 Ендеше балалар біздің өтетін тақырыбымыз 1 саны және цифры. Сантиметр.

Тақтаға 1 санын ілемін және де 1 санын жазып көрсетемін оқушыларға.

Ал енді балалар 1 санын жақсырақ тану үшін біз сіздер мен саяхатқа шығайық.

Көзімізді жұмамыз әуенмен орманға саяхатқа шығамыз.

Көзімізді ашамыз.

Тапқышбектің 1-ші тапсырмасы:

Жеті ағайынды жігіттердің,

Бір-бірден қарындасы бар.

Қарындастары нешеу?(1)

Бес алманың үшеуін,

 

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? (2)

Табақта бес алма,

Қандай тәтті жесе алма.

Бесеуінде жеп қойсам

Қалады онда неше алма? (0)

Тамаша балалар Тапқышбектің 1 тапсырмасынан өте жақсы өттік.

Ал енді саяхатымызды жалғастырамыз. Көзімізді жұмамыз әуенмен жалғастырамыз

Тапқышбектің 2-ші тапсырмасы:

Оқулықпен жұмыс:

№1 тапсырма. Көп заттың ішінен бір затты бөліп алу арқылы 1 санымен таныстырамын.Балалар суреттен бір затты және көп затты көрсетеді.

№2 тапсырма. Оқушылар көп және бір затты атайды. Бір затты көп заттың бөлігі ретінде атануға жаттығады. Сан және цифр туралы түсінеді.

1 цифрының баспаша және жазбаша түрімен таныстырамын.

Тапқышбектің 3-ші тапсырмасы:

Сергіту сәті:

                                          Ормандағы аюдың,

                                          Құлпынайы көп екен.

                                          Теріп-теріп алайық,

                                          Қалтамызға салайық.

 Тапқышбектің 4-ші тапсырмасы:

Санау. Тура және кері санау 1-ден 10-ға дейінгі сандар.

Тапқышбектің 4-ші тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс:

Оқушылар цифр жазуды үйренеді.

1 цифры торкөздің ортасынан бастап жазылады.Сызықты торкөздің жоғарғы бұрышына дейін жеткізіп,содан кейін ол сызықты қайтадан төмен қарай торкөздің ортасына дейін жеткіземіз.Цифрды ауада жазғызамын.Бір дегенде сызықты жоғары жүргіземіз,және дегенде тоқтаймыз, екі дегенде сызықты төмен қарай жүргіземіз.

1 цифрын үзік сызықтарды бастыра отырып жазады.

Тағы бір жолды өз беттерінше жазады.

№3 тапсырманы өз беттерінше орындайды.

Балаларды сантиметрмен таныстыру.

Балаларға сұрақтар қоямын.

-Сендер мультфильм  көресіңдер ме?

-Ендеше, неге жыландардың ұзындығы әртүрлі болады?

-Заттардың ұзындығын дұрыс салыстыру үшін бірдей өлшемдерді пайдалану керек. Ұзындықты бірдей жолақпен өлшейді.Кішкентай заттың ұзындығын салыстыру үшін мынадай кішкентай өлшемді пайдаланамыз. Балаларға ұзындығы 1 сантиметр жолақты көрсету. Бұл жолақтың ұзындығы сантиметр.

-Сызғыш-түзу сызық,кесінді,фигураларды сызуға,өлшеуге арналған құрал.Сызғыштың әр бөлігі 1 см сызықшамен белгіленген және ол жерде цифр тұрады.Цифрлар сызғышқа 1 см өлшемнің нешеуін сыйғызуға болатынын көрсетемін.

№4 тапсырма.Ең ұзын кесіндіні тапқызамын.

Тапқышбек балалар сендерге өте риза болып отыр, тапсырмаларын бұлжытпай жақсы орындап шықтыңдар. Оның сендерге беретін сыйығы бар екен,ол «5» деген баға.

ІҮ.Сабақты қорытындылау:

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қоямын.

Оқушылардың сабақта немен шұғылданғандарын,жаңадан не үйренгендерін,дәптерге тапсырманы қалай орындағандықтары туралы сұраймын.

Қосымша материал

 

«Адамдар санауды қалай үйренді?»

Балаларға оқып,түсіндіріп беремін.

Ү. Бағалау-мадақтау:

Категория: Разработки уроков для начальных классов | Добавил: школа
Просмотров: 693 | Загрузок: 19 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%