Пятница, 20.10.2017, 12:00
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Ваше отношение к 12-летнему образованию
Всего ответов: 174
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков по казахскому языку и литературе

ТІЛ ТАҒДЫРЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ
15.03.2013, 00:58
«Казахский язык – будущее Казахстана» Н.Назарбаев.
ТІЛ ТАҒДЫРЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ

Ойынның мақсаты: 1. Жас ұрпакқа ана тіліміздің қадір- қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, тіл тарихына шолу. Тілдің қоғамдық-элеуметтік қызметін таныстыру.
2. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
3. Қазақстанда өмір сүретін халықтардың эдет-ғұрып, тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту - басты борышымыз екенін ұғындыру. Еліміздегі халықтар достығын , бірлігін нығайту.

Түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ.
әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, аударма, баяндау, іздену, ойын тұжырымдау, диалог.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал-мэтел жинағы.

Ойынның барысы: ¥йымдастыру кезеңі. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің – арың бұл
Ұлтың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жылдың 20 каңтарындағы Жарлығына сэйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Осыған орай «Тіл тағдыры - ел тағдыры» « Миллионды ұтып ал» атгы ойнымызды бастайық.
Ойыншылар екі топқа бөлінеді: 1-топ - тарихшылар, 2-топ- әдебиетшілер.
Берілген тапсырмаларға, жылдарға байланысты 1-топ сол кездегі тарихи деректер, оқиғалар, ел тағдыры туралы
1.әңгімелейді, 2-топ сол кездегі әдебиеттің, тілдің дамуы, тіл тағдыры туралы мағлұматтар береді. Ойын 6 кезеңнен тұрады:
1. Хронологиялық шежіре;
2. «Сандар сыры» ойыны, жылдар сөйлейді (диалог);
3. «Жалғасын тап» немесе « Мақал - сөздің мэйегі»;
4. Полиглот;
5. Поэзия минуты;
6. «Атадан қалған асыл сөз».
- Ендеше, «Тіл тағдыры - ел тағдырын» тереңірек білу үшін тарих беттеріне үңілейік.

1-кезең. Хронологиялық шежіре.



Уақыты Оқигалар


VІІ-VІІІ ғасыр. Зерттеушілер.

1072-1929 ж. Араб әліпбиі.

1929-1939ж. Латын әліпбиі

1940(1941) Орыс әліпбиі

1957 ж. Тән дыбыстар.

1989 ж. Тіл заңы.

Екі топ берілген жылдар, оқиғалар бойынша әңгімелейді
2. кезең. «Сандар сыры» ойыны. Жылдар сөйлейді.
Берілген сандар бойынша екі топ бір-біріне кезекпен сұрақ қойып, жауап береді.
1991ж. - Тәуелсіздік алды.
1992 ж. - Ту, Елтаңба, Гимн қабылданды.
1993 ж. - ¥лттық валюта қабылданды.
1995ж. - Конституция қабылданды.
1997ж. - Халықаралық Ассамблея ұйымдастырылды.

3. кезең. «Жалғасын тап».
Екі топ кезекпен бір-біріне мақал жасырып, жалғасын табады.
1.Тіл - адам ойының....(айнасы).
1. Аңдамай сөйлеген .... (ауырмай өледі).
2. Ойнап сөйлесең де ... (ойлап сөйле).
3. Айтылған сөз .... (атылған оқпен тең).
4. Көп сөз -.... (бос сөз).
5. Көп сөз - күміс, аз сөз .. (алтын).
6. өнер алды - (қызыл тіл).
7. Ашу - дұшпан,.... (ақыл - дос).
8. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес).
9. Тіл - алтын .... (қазына).

4. кезең. «Полиглот».
Тілі бар, үні жоқ,
өзін адам түсінген.
Сөйлеп тұрған тілі жоқ,
Көп оқисың ішіңнен. (кітап, книга, bоок)
Көз - қорқақ, ... - батыр (қол, рука, hепd)
Адамды адам еткен не? (еңбек, труд, wогк)
Аяғы біреу, колы жоқ,
Шиыр- шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді. (қалам, ручка, реn)
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап, книга, bоок)



5. кезең. Поэзия минуты. «Ана тілі», «Қазақ тілі» туралы мәнерлеп өлең оқу сайысы.


6.кезең.«Атадан қалған асыл сөз». ¥лы адамдардың, ақын, жазушылардың тіл туралы айтқан асыл сөздерін жатқа айту, мағынасына тоқталу.

7.кезең. Cалт-дәстүрлер сайысы: Конкурс национальных обычаев и традиций : Представить заданную тему Ответить на вопросы о национальных традициях и обычаях казахского народа. Украшением любой семьи является ребенок, наследник семьи .Казахская пословица гласит:’’ Балалы үй-базар, баласыз үй –мазар’’. -Жас балаға арналған қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер? -Назовите традиций , посвященные ребенку. Жауабы : шілдехана-праздник в честь рождения ребенка; ат қою тойы-наречением именем ,тіл ашар тойы-поступление ребенка в 1 класса бесік тойы-укладывание младенца в колыбель; тұсау кесу-разрезание пут ; сүндет тойы-принятие мусульманской веры


8. Қорытынды.
Категория: Разработки уроков по казахскому языку и литературе | Добавил: shkola№4
Просмотров: 2197 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%