Понедельник, 21.08.2017, 02:09
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Чтобы вы хотели изменить в нашей школе?
Всего ответов: 104
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков по казахскому языку и литературе

Сабақтың тақырыбы: Ана тілі.Осы шақ
[ Скачать с сервера (27.7Kb) ] 17.02.2014, 10:48

СҚО, Петропавл қаласы                            «№4 орта мектеп» КММ                       Бектембаева Ж.Б., 3-деңгей

Сабақтың тақырыбы: Ана тілі.Осы шақ

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды тақырып бойынша сөйлеуге үйрету,етістіктің осы шағын ажырата білуге  үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Жаңа тақырыпты  меңгеруге жағдай жасау.

Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін тексеру.

Сабақта алған білімдерін жан-жақты талдау, жинақтау,бағалау.

Сабақтың типі: білім мен шығармашылықты қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Тақырып бойынша сөйлей біледі, өз ойын еркін жеткізе алады.

2 Өздерінің іс-әрекеттеріне анализ жасай алады.

3.Етістіктің осы шағын ажырата алады,дұрыс қолдана біледі.

Қолданылатын әдістер: Сұрақ - жауап (диалогтік оқыту), деңгейлік тапсырма (жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту),топтық жұмыс, бағалау (оқыту үшін бағалау және оқудыбағалау), демонстрация әдісі, мәнерлеп оқу, психологиялық  ахуалды орнату (қалай оқу керектігін үйрету), пікірталас, постер жасау, жаттығу (сыни тұрғыдан ойлауға үйрету)

Жұмыс түрлері:  жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс

Сабақта қолданатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта арқылы презентация,  оқулық, ватман, түрлі түсті фломастер мен маркерлер, стикерлер, пазл жинау үшін кеспелер

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

1.     Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру, сыныпты түгелдеу. 

2.     Психологиялық ахуалды орнату: гүл сыйлау арқылы бір-біріне жылы лебіз білдіру.

3.     Топқа бөліну. Тапсырма орындату: оң қолыма ұзын бойлы оқушы, содан соң қысқа бойлы оқушы келіп тұрады. (Сол ретпен жалғасады). Төрт оқушыдан үш топ құрылады. Мұғалімнің бағалауы: осы тапсырманы орындау барысында не қиын, не жеңіл болды?

4.     Бағалау критерийлермен таныстыру (ИТ арқылы)

 

2.Топ ережесін еске түсіру

- бір-бірін қайталамай бір топ үш ережеден айтып береді (топтық бағалау)

- интерактивті тақта арқылы топ ережелерін еске түсіру

 - өз тобындағы рөлдерін белгілеп анықтау

 

3.Үй тапсырмасын тексеру:

-үй тапсырмасының  мазмұнын  сұрап алу

-оқулықтағы 200 – 201-бет,тест тапсырмаларын шешу

- бақылау сұрақтарына жауап беру

 

4. Жаңа тақырып. Блум таксономиясы бойынша

1.Білім деңгейі.Жаңа сөздікпен жұмыс (ИТ арқылы)

-Берілген жаңа сөздерді оқып шығу, аудармасымен танысу, сөздік дәптерлеріне жазғызу:

Қастерлі, қасиет, құдіретті, тырысу, қалыптасады, баға жетпес, үлгі-өнеге, ұмытып қалмау

Тапсырма: шашылған сөздерден пазл жинап, жауабын тексеру (ИТ арқылы)

Конституцияда «Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі» делінген. (мұғалім бағалауы)

2.Түсіну деңгейі

1-тапсырма: модуль тақырыбы қандай болатынын анықтау (ИТ арқылы)

2-тапсырма: бүгінгі сабақ тақырыбын анықтау үшін интерактивті тақтаға назар аудару. Берілген өлең жолдарын оқып шығу, суретпен салыстыру.


Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жілік шағып берейін,

Майын жесең тоясың,

Жылауыңды қоясың.

Әлди, әлди баладан,

Тауып алған даладан.

Далада бала жата ма,

Тyсіп қапты шанадан.


Қалай ойлайсыңдар, сабақ тақырыбы не туралы болады? (ИТ арқылы сабақ тақырыбын көрсету)

-Берілген өлең жолдары, сабақ тақырыбы және бесік суреті қалай байланысады? (Ойларын тыңдау)

Түйін ой: сенің ана тілің неліктен орыс тілі? Ал сенің ана тілің неліктен қазақ тілі?

Категория: Разработки уроков по казахскому языку и литературе | Добавил: школа
Просмотров: 1361 | Загрузок: 333 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%