Суббота, 16.12.2017, 00:45
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Какой ваш любимый предмет?
Всего ответов: 325
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков по казахскому языку и литературе

Сабақ тақырыбы: Қаламыздың ұнайтын жерлері. Грамматиканы қайталау
[ Скачать с сервера (4.44Mb) ] 17.02.2014, 10:51

СҚО, Петропавл қаласы                  «№4 орта мектеп»КММ                            Бектембаева Ж.Б., 3-деңгей

Сабақ тақырыбы: Қаламыздың ұнайтын жерлері. Грамматиканы қайталау

Сабақтың мақсаты: қаламыздың көрікті жерлерімен танысу арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, талдауға үйрету

Міндеттері:  1.Оқушылардың  сөйлеу дәрежесін дамыту, жаңа сөздерді есте сақтауға жаттықтыру

2.Оқушылардың білімдерін толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту

3.Өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту

4. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, елімізді құрметтеуге баулу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың типі, түрі: дәстүрлі, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау, көрнекілік әдісі, түсіндіру, тіл дамыту, мәтінмен жұмыс, тапсырма, топпен жұмыс, ойлату

Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» эмблемасы суреттер, интерактивті тақта арқылы тұсаукесер (презентация)

Меңгерілетін сөздер: тұрғын үй, әсіресе, қала келбеті, қазіргі заманға сай, күрт өзгерді, бой көтерді, көркейіп келеді, көрікті орындар, құшағын жаю, көзге түседі, көз тартады

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгелдеу. Кезекшімен сөйлесу:

-Бүгін аптаның қай күні?

-Әдетте сәрсенбі қандай күн?

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

-Неліктен қазақ тілі мемлекеттік тіл?

-Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қашан алды?

-«Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі» қайда делінген?

-Сен қазақ тілін жақсы білесің бе?

2.Тәуелсіздікке арналған «Ынтымақ пен жасампаздыққа 20 жыл» эмблемасы бойынша сөйлесу:

-Тақтада ненің эмблемасы ілінген?

-Бұл эмблема арқылы қандай мәлімет аламыз?

3. Ойын өткізу

Шарты: тақтаға 3-4 оқушы шақырылады. Оларға келесі тапсырма беріледі:

Тәуелсіздік, Астана туралы үш сөйлемнен ойлап шығару (1 сөйлем бұрыс,

2 сөйлем дұрыс). Сол сөйлемдерді бір-біріне айтады, бұрыс сөйлемді анықтау, сөйлемді дұрыстау.

4.Тіл дамыту: Ел, туған жер туралы мақал-мәтелдер(слайд)

Тапсырма: Берілген сөздерден мақалды құрастырыңдар.Өздеріңді тексеріңдер

1.     Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.     Ел – елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

3.     Жері байдың – елі бай.

5.Үй жұмысын тексеру:

-Берілген сөздерді қайталау

-Өз қала туралы әңгімелеу  (слайд, сызбаны қолдану)

Категория: Разработки уроков по казахскому языку и литературе | Добавил: школа
Просмотров: 906 | Загрузок: 88 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%