Пятница, 23.02.2018, 09:24
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Ваше отношение к 12-летнему образованию
Всего ответов: 175
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков по казахскому языку и литературе

Разработка урока на тему: Туған жер
[ Скачать с сервера (1.36Mb) ] 14.03.2013, 15:40

Туған жер

Ғ. Мүсірепов, С.Мұқанов пен И. Шухов 

шығармашылығының үндестігі

Қалалық педагогикалық оқуларының материалы 

                                                                                                   орындаған: Рамазанова Ә.М.

                                                                                                   №4 орта мектептің қазақ тілі

                                                                                             мен әдебиетінің мұғалімі

Қызылжардың құнарлы топырағынан Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов тәрізді ел мақтаныштары өсіп шыққан.

 Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.

Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.

Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.

Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды.Алғашқы туындысы «Тулаған толқында» повесі. «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Ғ.Мүсіреповке тән шеберлікпен жазылған алғашқы әңгіме – «Қос шалқар»(1928). Әңгімеші-жазушы Қос шалқардың қойнауында екі түрлі өмірді көргенін, екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяндайды.
       Қос шалқардың қойнауында өскен сәби көз алдындағы кең өмірді құшақ жая құшуға дайын еді. Айналасы бақыт бақшасындай рақатқа, шаттыққа шақырғандай елестейтін. Бірақ Қос Шалқармен – шын өмірімен тұңғыш түйіскенде бала көңілі құлазып, қатты қиналады. Барлық бояуы өшіп, мұнарланып, бақыт бесігіне балаған Қос шалқар қапырық зындандай дем алғызбай, тұншықтырып жібере жаздайды. өйткені оның көз алдындағы Қос шалқар қиянатшыл екен, қойнауында – «Қосым байдың босағасында қабақтары қатыңқы, көңілдері кірбікті үмітсіз өкініш» бар.  Есейген шағында туған өлкесіне қайта оралған әңгімеші-жазушы Қос шалқардың өзі де, оны жайлаған жандардың да өзгергеніне куә болып, өмірдің бір шиеленіскен түйініне бойлағандай болады – көңіліне бір әсем жылылық ұялайды. Лирикалық сезіммен көмкерілген «Қос шалқар» қазақ әңгімесіндегі осы жанрдың бір жаңалық бастауы еді.

1920-жылдардың аяқ кезі мен 1930-жылдардың бастапқы тұсында бүкіл Кеңес еліндегі секілді Қазақстанда экономикалық және мәдени өзгерістер, жаңарулар болды. Бұл өзгерістер академик-жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің көптеген шығармаларынан көрініс тапты.

Ғ.Мүсіреповтің шығармалары қазақ халқының өмірін, тарихта елеулі орны болған оқиғаларын мол қамтыды. Ол кеңес үкіметінің қазақ жерінде орнағанын қуаттағанымен, кейін қызылдардың эксперименттерінің нәтижелерінен сескене бастағанын шығармаларынан байқаймыз. Қаламгер шығармаларынан бөлек олардың асыра сілтеулерін 1932 жылы ашық хатта жариялады. Оның «Шұғыла», «Талпақ танау», «Сөз жоқ соның іздері» әңгімелерінде ұжымдастырудың елге алып келген зардаптары, жеке басқа табынудың шынайы көріністері суреттелген. Дегенмен Мүсірепов шығармаларының көпшілігінде кеңес үкіметінде жүргізілген реформаларды қолдайтын тұстары да баршылық.


Категория: Разработки уроков по казахскому языку и литературе | Добавил: школа
Просмотров: 1547 | Загрузок: 172 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2018
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%