Понедельник, 23.04.2018, 14:40
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Ваше отношение к ЕНТ
Всего ответов: 127
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков по казахскому языку и литературе

Разработка урока на тему: Ғабит Мүсірепов «Өлімді жеңген ана»
[ Скачать с сервера (2.09Mb) ] 14.03.2013, 14:50

Ғабит Мүсірепов 

«Өлімді жеңген ана»

                                                                                       Есқожина Ә.А

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов. «Өлімді жеңген ана» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:      Ғ.Мүсіреповтің «Өлімді жеңген ана» әңгімесінің тақы-

                                        рыбы мен идеясын ашу.  

Сабақтың міндеттері: 1. Шығарманың идеялық күш-қуатын танытуға қажетті

                                          үзінділерді іріктеп алу.

                                      2. Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасау. Сызба құ-

                                          руға жаттықтыру. Өз ойын еркін жеткізе алу, сұ-

                                          рақтарға толық жауап беру дағдыларын дамыту.

                                      3. Анаға деген құрмет сезімдерін ояту. Оқушыларды

                                          ізгілікке, адамгершілікке, өзгеге қамқор болуға,

                                          көмектесе білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:            аралас

Сабақтың типі:            дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері:            қайталау, сызба құру, талдау, сөйлем құру, сұрақ-

                                      жауап, мазмұндау, көрнекілік әдісі, тапсырмалар әдісі

Көрнекіліктер:             Ғ.Мүсірепов суреті, интерактивті тақта, сызба

                                      үлгілері, әңгіме үзіндісі, талдау үлгісі

Пәнаралық байланыс:  орыс әдебиеті

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

1) амандасу

2) түгендеу

3) «тіл дамыту»

- Бүгін нешесі?

- Көңіл-күйлерің қалай?

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1)    «Ой шақыру»

«Ана» деген сөзіне ассоциаация жасау ( ИТ  ананың суреті болады, ауызша орындау)

2)    сұрақ-жауап:

-    Ана туралы әңгімелерді кім жазады?

-         Үйге не берілді?

-         Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығымен қайдан танысу керек?

-         Оқулықтың нешінші беті?

3)    алған білімдерін сызбалар түрінде тексеру ( тапсырма жазылған карточкалар тарату)

4)    сыныпты төрт топқа бөліп, тапсырмалар тарату, орындау уақыту 5 минут.

1-топ  «Картография» сызбасын құру

Тапсырма: Ғ.Мүсірепов өмірі бойынша «Картография» сызбасын құра.

2-топ   кластер құру

Тапсырма: Ғабит Мүсірепов шығармашылығын  «Кластер» түрінде көрсет.

3-топ  «Өрмекші» сызбасын құру

Тапсырма: Ғабит Мүсірепов шығармаларында көтерген мәселелерді «Өрмеші» сызбасы түрінде көрсет.

4-топ  Сұрақтар құру

Тапсырма:  Алынбаған  мәліметтерді қолданып сұрақтар құра.

5)    уақыт аяқталғаннан соң әр топтың  өкілі өз тапсырмасын қорғайды

Категория: Разработки уроков по казахскому языку и литературе | Добавил: школа
Просмотров: 4664 | Загрузок: 250 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.3/7
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2018
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%