Пятница, 20.10.2017, 12:00
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Какой ваш любимый предмет?
Всего ответов: 324
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков по казахскому языку и литературе

Мағжан әлемі
[ · Скачать удаленно () ] 15.03.2013, 00:55
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Бүгін балалар ерекше күн. Біздің жерлесіміз ақын – жазушы М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен танысамыз.
- Мағжанның есімі қазақ әдебиетінде мәңгілік естелік орын алады.
- Бүгінгі сабағымызда біз іденіс жолы арқылы жан – жақтан осы адамды қарастырамыз.
- Біз бүгінгі ұрпақ ақын – жазушы туралы не білеміз, қандай шығармашылық жолдарын танимыз?
Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ даласында, қазақ жерінде қандай
өзгерістер болып жатыр, көз жүгіртейік- 1) тарихи кино түсірілімді оқушыларға ұсыну.
Топпен жұмыс жүргізу: «А», «Б», «Ә», «В» - белгіленген үстелдерге сынып 4- топқа бөлініп, жайғасады.
«А» - топқа тапсырма: 20- шы ғасырдың басындағы « Бес арыстың» - бір өкілі

– Мағжан Жұмабаев.
Берілген жаңа сөздермен ( оқулықтан қара) Мағжан Жұмабаев кім?- деген
сұраққа жауап беру.
«Ә» - топқа тапсырма: Мағжанның балалық шағы қай жерде, қандай отбасында тәрбиеленді? Сөйлемдерді құрастыру.
«Б» - топқа тапсырма: Мағжанның жастық шағы , қандай оқу орындарында білім алды? Білім іздеу жолында қандай жазушылардың еңбектерімен танысады, оқып біледі?
«В» - топқа тапсырма: 1937-ші жылдары Мағжан ағамыз қандай жағдайларға тап болады? Оның есімін кімдер жояды? Неге «халық жауы» деген пәле – жала пайда болады?
2. Тірек – сызба құрастыру: ( барлық топтарға тапсырма).
Жалпы қай ақынның шығармалары болмасын оның көркемдік өрнектерін,шығармаларының ерекшелігін терең танымай баға бере алмаймыз.Ал, Мағжан Жұмабаев поэзиясы тілдік амал-тәсілдерге өте бай.М.Жұмабаев кейіптеу тәсілін де ерекше өзінше бояу қосып қолданған. Жансызға жан бітіре суреттеп,көз алдымызға әкеледі.Мысалы:
1.Күміс нұрлы ай.Жұлдыздар алмас,жібек жел,
Сыбырласып жас қайыңдар бұран бел...
(«Күміс нұрлы ай»)
2.Қара орманның шетінде,
Нағыз желдің өтінде
Өскен жалғыз жас қайың.
Былқ-сылқ етіп билеген,
Сылдыр-сылдыр күйлеген,
Болсын онда не уайым.
(«Мені де,өлім,әлдиле»)
3. Қайғылы қайың!
Аяныш жайың.
Сыбырлайсың,
Дірілдейсің,
Еңкейесің,
Күбірлейсің,
Ызғарлы жел
Соққан сайын
(« Қайың»)
Бұл үш мысалдың үшеуінде де ақын қайыңға жандының іс – әрекетін, қимылын, эмоциясын бере суреттейді. Қайыңдар сыбырласады, билейді, сыбырлайды, дірілдейді,еңкейеді.
1. Бүлдіршін боп киінеді қара жер,
Қарап оған көкте анасы елжірер.
Мұны көріп,жақыны жоқ жолаушы-
Күңіреніп,уһлеп жібек жел жүрер
(«Ф...ға»)
2. Қою қара көк бұлт
Жайнап,ойнап,құлпырып,
Көкшетауды тұр сүйіп.
(«Көкшетау»)
3. Жел жалығып,хал жиып,
Қалғып қана тербеледі.
Жұмсақ қана жымиып,
Жібек қанат жаз келеді.
(«Жаз келеді»)
4. Суға-айнаға қаранып
Салқынша леппен таранып,
Қамыс та тұр тербеліп.
(«Жазғы жолда»)
5. Қатты қыс кірейін деп есік ашса,
Қызыл гүл қорыққаннан түсі қашса,
Әл кетіп,бұлғақтаған бұтақтарда
Жапырақ: «Ал өлдік!» деп сыбырласа,-
(«Зар»)
6. Сылқ-сылқ күліп сылдыр қақққан су сұлу
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
(«Сен сұлу»)
7. Мұны көріп бұлттар,
Күңіреніп етер зар:
«Біздерде алтын ана жоқ,
Қысып сүйер бала жоқ,
Тұрақ та жоқ белгілі!» -
Деп тұнжырап күрсініп,
Әлсін-әлсін жас төгер.
(«Жазғытұрым»)
Кейінгі берілген мысалдарда табиғат құбылыстары – бәрі де жанды кейіптегі әрекет иелері.Қара жер киінеді,көк анасы елжірейді,қызыл гүлдің қорыққаннан түсі қашады,бұтақтардың әлі кетеді,жапырақ сыбырлайды,жібек жел уһлейді,бұлт ойнайды,жаз жымияды,қатты қыс есік ашады,қамыс билейді,су күледі,бұлттар күңіреніп жас төгеді.Демек,бұл – табиғат пен өмір құбылыстарын жандандырып кейіптеу.
Ақын өлеңдеріндегі қайталаудың қолданылуы
Ақын поэзиясында бір сөзді бірнеше рет қайталау арқылы бір нәрсеге,яки құбылысқа ерекше мән беріп,назар аудару сияқты тәсілдер де аз емес.Ақын бұл ретте өз идеясын әрі әсерлі,әрі ұғымды жеткізуді ойлайды.Мағжан Жұмабаев өз шығармашылығында қайталаудың небір түрлерін жан-жақты,әрі өте әсемдікпен пайдаланған.
Білем анық жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты орман,көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүзген Ай сұлу
(«Сен сұлу»)
Алтын күнді,қара жерді сағындым,
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.
Асау тайдай еркелетіп өсірген
Ағайынды,туған елді сағындым
(«Сағындым»)
Соңғы қайталаулар ( эпифора) арқылы табиғаттың әсем көріністеріне « сұлу» сөзін қайталаумен ерекше назар аударып, туған жерге деген ыстық сағынышын « сағындым» сөзін әр жолда қайталау арқылы өте әсерлі жеткізеді.
Сөзің – сиқыр , есті тұман басқандай,
Ессіз жүрек дария болып тасқандай .
Күлкің, Күнім, күндей күміс табаққа
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай.
( « Жұлдызды – жүзік, айды алқа ғып берейін»)

Өмір – дала, ақын – бала қаңғырған,
Жан сусынын көз жасымен қандырған,
Ақын – бөбек, өмір – көбік, тылысым-ды
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған
( « Берниязға»)

Бұл өлең жолдарындағы дыбыс үндестігіне негізделген қайталаулар арқылы өлеңнің әсемдігін , әсерлігімен қатар, өлеңнің композициялық құрылысын ерекшелеп оқырман көңілін баулиды.

Сылдыр. Сылдыр. Сылдыр...
Талдым, қалды сүлдер.
Сыбырға айналды сылдыр,
Сылдыр, сылдыр, сылдыр...
( « Шолпан» )
Атаң Отқа табынға
Өзің бірге бағынған.
Тәнірің – Оттан боп үміт,
Атаң Отқа табынған.
Жан ба еді ол жауға жалынған?!
Сыр бола ма жыр мен От?
(« Сырдағы Алашқа»)

Шыныңда, менің өзім де - от,
Қысылған қара көзім де- от,

Мен-оттанмын, от-менен.
Жалынамын , мен жанамын,
Оттан туған баламын.
(«От»)

Келтіріп отырған мысалдарда айтпақ ойды нықтайту түсу үшін қолданылған еспе қайталаулар отырған әдемі әсер береді.
Өзім - күнмін,өзім - от,
Сөзім – қысық, көзім де - от
Өзіме өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі – от
Оттан басқа Тәңірі жоқ.
(« От»)

Кезекті қайталаулар арқылы сөз екпінін әрбір ой ағымының аяқ жағындағы « от» деген сөзге түсіріп, оттың жалыны – ақын жүрегіндегі шабыттың екпіні екендігін түсіндіреді.
«Ой» өлеңінде:
Ой деген у – ауызға алсаң қандырад,
Ой деген у – жанды есінен тандырад,
Ой деген у – ішсең, мас боласың,
Ой деген у – ішсең де соласың – деген жолдарда әр жол «ой» сөзімен

Басталып( анафора), қайталана береді. Осы арқылы ақын өлеңнің естілу әсерін арттыра түседі.
Ақын өлеңдеріндегі айқындаулардың қолданылуы.
Ақын шығармаларында сөздердің реңін кіргізіп,ажарлап,көркемдік жасап,үйлесімге келтіруінің өзі бірнеше түрлі тәсілдер арқылы берілгендігінің кәугері боласыз.Әсіресе,көркем шығармада қолданылатын көркемдегіш құралдың бірі,заттың не құбылыстың айрықша сипатын,сапасын анықтайтын бейнелі сөз – эпитетті пайдаланудағы шеберлігі оқырман көңілін еріксіз баурап әкетеді.Эпитетсіз тіпті айтырыңды анықтау,суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау мүмкін емес екендігін төмендегі жолдар арқылы мойындатады.Мысалы:
1. Білем анық: жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты орман,көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүзген Ай сұлу
Ақын өлеңдеріндегі теңеулердің қолданылуы
Теңеу-көркемдеп суреттеуде затты, құбылыста екінші зат,құбылыспен салыстырып бейнелеу.Ақын өлендеріңдегі теңеудің стильдік мәніне көңіл аударсақ, теңеулерді бірде кейіпкердің кескін-келбетін, бет-пішінін,сыртқы көрінісін, тұлғасын, портретін беру үшін қолданса, бірде кейіпкердің мінез құлқын , көңіл – күйін, ішкі сезімін ашу үшін таптырмас тәсіл ретінде пайдаланады.
М. Жұмабаевтың өлеңіндегі теңеулер – эпитетті теңеулер. Мысалы:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!
( «Мен жастарға сенемін»)
Мағжан жастардың ерік – жігерін, күш – қайратын «аң патшасы арыстанға»,
« қайратты жолбарысқа», « күшті қанатты қыран құсқа» баулайды.
1. Көп жылдар желдей заулап есті ме екен,
Алатау есті ме екен, өшті ме екен?!
Қиянның қыранындай қайсар елдің
Басынан күңгірт күндер көшті мекен?!
(« Алатау»)
2 .Салушы ем асау тайдай қойнында ойнақ,
Жүруші ем ертеңді – кеш ылғи ойнап.
(« Айға»)
3. Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте шашы бар,
Көр дегенің сұп – сұр көр.
(« Сүйемін»)
4. Қасиетті мақсат алып көңілге,
Таудай талаппен кіріп едің өмірге
(«Қарындасқа»)
Бұл өлең жолдарында -дай, -дей жұрнақтары арқылы жасалған «желдей», «қияның қыранындай», «асау тайдай», «күлдей», «таудай» сияқты теңеулерді өзінше әрлегенін көреміз
Иірілген бұйра толқын шашы қандай,
Иығына екі жылан асылғандай
(«N-ға»)
«N-ға» деген өлеңінде ақын сұлудың иірілген бұйра толқын шашын иығына асылған екі жыланға балайды.
Ақын өлеңдеріндегі метафоралар мен метонимиялардың қолданылуы
Ақын өмір құбылысын суреттеуде бейнелі,де бедерлі,құнарлы да қуатты,мағыналы да мәнді,отты да ойлы сөздерді мол қолданған.Ақын өлеңдерінде ауыстырулар (метафоралар) көп кездеседі.Метафора –ұқсастығына қарай бір сөзді екіншісімен ауыстыру.Ақын поэзиясында – мын, - мін, - пын, - пін – жіктік жалғаулары арқылы жасалған метафоралар көптеп кездеседі:
1. Ақын – жел,есер,гулер жүйрік желдей,
Ақын – от,лаулап жанар аспанға өрлей.
Қиялы жан – жүрегі – ойнаған от,
Ақынды аласұр тыныштық бермей.
(«Қорқыт»)
2. Арыстанмын,айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын,маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт,жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?
(«Мен кім?»)
Ақын өзін тура бір нәрсеге,не құбылысқа балау арқылы жасала бермейді,сол затқа қасиетті өз бойына дарыта суреттейді.
Ақын шығармаларында құбылтудың ауыстырудан (метафорадан) өзгекездесетін түрлерінің бірі – алмастыру (метонимия):
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..
(«Мен жастарға сенемін»)
Қарақат көзің мөлдіреп,
Көп қарама,жас сұлу
(«Жас сұлуға»)
Желдей заулап ескен жүйрік жас жүрек
Көтере алмай қалды сорлы қанатты
(«Ғазизаға»)
Қорғасын жас жүрекке оғы батты,
Күнәсіз таза қаным судай ақты.
(«Алыстағы бауырыма»)

Топтарға берілетін тапсырма: Берілген өлеңдерге талдау жасаңдар. (бірінші -оқушы жазады, екінші оқушы - талдау түрлерін анықтайды, үшінші - оқып береді)
Ұзын Орал – күн мен түн шекарасы,
Бір жағы – күн, бір – жағы түн баласы
(« Орал»)

Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады
(« Қазақ тілі»)
Ыстық – суық, жел – күнге тигізбей
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.
(« Анама»)

Сол екеуден жеті – сегіз біз бармыз,
Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?
(« Нағашыларға»)

Қорытынды:Мұғалімнің сөзі: - Мағжан әлемі өте қызықты да күрделі, жалынды ақынның өмірімен таныстық, өлеңдерін біліп – таныдық.
Мағжан – ақынға қандай сөздерді арнауға болады ?
( оқушылардың қорытынды ауызша сөйлемдерін тыңдау)

Үй жұмысы: I – деңгей: « Айға» - өлеңіне талдау жасау.
II – деңгей: «Туған жер» - өлеңін жаттау.
III – деңгей: Мағжан Жұмабаевқа арнап хат жазу ( қазіргі жастардан)
Бағалау:
Категория: Разработки уроков по казахскому языку и литературе | Добавил: shkola№4
Просмотров: 1725 | Загрузок: 198 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%