Суббота, 16.12.2017, 00:42
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Какой ваш любимый предмет?
Всего ответов: 325
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков по казахскому языку и литературе

«Күйеу – жүз жылдық, Құда – мың жылдық»
15.03.2013, 00:55
Сабақтың тақырыбы:
«Күйеу – жүз жылдық, Құда – мың жылдық».
Мақсаты: қазақ халқының салт – дәстүрлерімен таныстыра отырып, отбасы, үйлену тойы туралы түсініктерін кеңейту, түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой-өрістерін, сөйлеу қабілеттерін дамыта оқыту.
Тәрбиелік: Отанның тарихын, салт-дәстүрлерін білуге, құрметтеуге, нығайтуға және де сүйіспеншілікті тудыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрініс, әңгімелеу, аудирование, сұқбат, интерактивті тәсіл.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтада видеофильм көрсету, сахналық көріністер.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, орыс тілі.
II. Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: «Күйеу келтір, қыз ұзат...» дегенді иә, қоңыраулы жастық шақ біздің де басымыздан өтті.
Ғашықтық сезімге бөленіп, ақ босағадан аттадық.
«Отан отбасынан басталатын» көзі қарақты, көкірегі ояу жандардың білмеуі мүмкін емес».
«Қамажай» әні .
1-ші жүргізуші: Отбасы-қоғамның бір бөлшегі. Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи салт, құбылыс. Жас жұбайлардың шаңырақ көтеруі, үйлену және үй болуға байланысты қазақтың бірнеше салт-дәстүрлері бар.
Олар құда түсу, жаушы жіберу, құдаларды қарсы алу, есік-тор көрсету, ұрын келу, жасау беру, сыңсу, келін түсіру, бет ашар.
2-ші жүргізуші: Неке дегеніміз не? Неке дегеніміз шариғат заңдылықтарын сақтай отырып ер мен әйелдің шаңырақ көтеруі.
3-ші жүргізуші: Қыздар, қыздар. Айлы түнде, аспанда жымындайды жұлдыздар, - жаныңды мұң басқанда.
Жадыратар бір қыздар. Қыздар, қыздар сендерсіз. Таңым есте атпайды. Өздеріңсіз –гүлдерсіз. Ән де әсемдік таппайды.
1-ші жүргізуші: Ұл бала ата-анаға таяу деген,
Қыз бала үйге жаққан бояу деген.
Табиғат тағдырына жазғаннан соң
Қосыпты ерді жолдас әйелменен
Шығады әдемі сөз айтсам менен,
Жиналар той дегенде жігіт-желең.
Сахналық көрініс: - Апа, апа саған айтар жақсы хабарым бар.
-Сүйінші.
-Ау, балам айта ғой, бұл не жаңалық?
-Біздің ағамыздың әдемі сұлуы бар.
-Иә, бұл ғажайып сүйінші болды ғой.
-Ол бала кім екен?
-Қай жақтан болады?
-Кімнің баласы, туған –туысқандары кімдер екен?
Үлкендерден өнеге алсын жастар,
Қастерлемей кім ата салтын тастар.
Жөн-тораға той басы жомарт болса,
Жарқыратып жабықтын алтын тастар.
Мұғалім сөзі: Халықтың үйлену оңай, үй болу қиын деп текке айтпаған.
Салт бойынша негізгі қонақтар бас құдалар той дастарқанының оң жағынан орын алады. Олардың қарсысына той иелері сыйлы адамдарды, ауыл ағалары, жас үлкен қарияларды жайғастырады.
Сахналық көрініс: «Құдаларды қарсы алу».
«Той бастар» - әнін жүрізу:
-Ассаламағалейкум құрметті қонақтар!
-Бүгінгі той тойға ұлассың!
-Қош келіпсіздер! Төрге өтіңіздер!
-Аман-есен жүресіздер. Ат терлетіп, шаршап келіпсіздер.
-Құйрық бауырдан татып,
«Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық»
«Құдағиың құрдасыңдай болсын, құдаң шын досыңдай болсын».
«Құданы құдай қосады, досты періште қосады»
«Құданы құдайдай күт»
Құдалық белгісі – сый, сияпат, қоныс белгісі – бейіт.
-Мына, сыйлықтарды алып көріңіз,
Екі бай құда болса, арасында жорға жүреді.
Екі жарлы құда болса, арасында дорба жүреді.
Бай мен жарлы құда болса айрылысы алмай зорға жүреді.
Мұғалім сөзі: Бет ашар мазмұны жағынан басқа кейбір халықтардағы жырларға аздап ұқсағанымен, түр жағынан тек қазақтар мен қарақалпақтарда ғана кездеседі. Бұл салттың түп тамыры байырғы мифтік санаға тіреледі. Көне түсінік бойынша тұрмысқа шыққан қыз өліп, тіріледі, ол енді қайта дүниеге келген жаңа адам. Жай адам емес, отау бақытын сақтап ұрпағын өсіріп, беті ашық келсе, ол баласы көптің біріндей болып қалады.
«Беташар жыры» орындалады.
Келін, келін, келіп тұр.
Иіліп сәлем беріп тұр,
«Үлкендерді-көргенде,
Орныңнан тұр, келіншек!
Қарсы келсе қарт адам.
Қайқандама келіншек!
Мұғалімнің сөзі: Ежелгі заманы бойынша жас жұбайларға
Үлкендер бата беруді аманат ретінде көрсеткен.
Бата.

Ассалаумәғалейкүм, жиналған көп!
Бұл тойға тәңір айдап келіпсіз деп.
Болыпты жұрт көрмеген бір ұлы той,
Таң қалып қарағандай жер менен көк.
Ежелден үлгі көрген ер болмаса,
Кім істер мұндай тойды бұл жалғанда-ай!
Үстіне мерекенің кез келген соң,
Армансыз бір сөйлейін қапы қалмай.

Белгілі бұл қазаққа тілдің желі,
Той қылдың жұрт жиналған мерекелі,
Сәрсенбі –сәтті күні той қылыпсыз
Тойыңыз тойға ұлассын берекелі!..

Құрметті той иесі,
Ісінді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсең қолтықтап,
Қызыр бабаң қолдасын!
Ұлықпандай көп жаса,
Денеңде дерт болмасын!
Тойың тойға ұласып,
Жан, жүрегің толғансын!
Күннен, күнге көбейсін,
Дос-жараның, жолдасың!
Бақытың тассын әманда,
Бергенін тәңірі алмасын!
Өміріңді ұзартып,
Балаң мен немерең,
Шөберең мен шөпшегің,
Туажаттар жалғассын.

Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсын басыңа!
Таң мезгілі болғанда,
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Денсаулығың зор болсын,
Дастарханың мол болсын!
Қайда барсаң алдыңда,
Жарқыраған жол болсын!
Армандарың алдыңнан,
Саған шығып қол берсін!
Дұшпаның саған құл болсын,
Үйің толған ұл болсын!

Жан ұяң үлкен бай болсын!
Төрт түлігің сай болсын!
Ата-анаңның көңілі жай болсын!
Шаңырағың жоғары, биік болсын!
Мал-басты үйіп берсін!
Босағаң берік болсын!
Тату-тәтті махабатты
Бір-біріне серік болсын!
Дастархандарыңа береке берсін!
Бастарыңа мереке берсін!
Астарыңа адалдық берсін!
Бастарыңа амандық берсін!
Қызметтеріңе табыс берсін!
Қол жеткісіз ырыс берсін!
Дастархандарың тоқ болсын!
Уайым-қайғыларың жоқ болсын!
Отбастарың шуылдап,
Күлшашарларың көп болсын!
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа!
Пәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қастарыңа!
Категория: Разработки уроков по казахскому языку и литературе | Добавил: shkola№4
Просмотров: 4852 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%