Вторник, 26.09.2017, 14:00
Приветствую Вас Гость | RSS

 Сайт средней школы №4 г.Петропавловска

Наш опрос
Ваше отношение к ЕНТ
Всего ответов: 124
Наши друзья
Сайт сетевого сообщества "Лидеры образования.СКО"Сетевое сообщество

Каталог файлов

Главная » Файлы » Разработки уроков по казахскому языку и литературе

Cабақтың тақырыбы:Мағжан әлемі
[ Скачать с сервера (8.13Mb) ] 17.02.2014, 10:20

№4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Баймұқанова З.Қ.

 

Cабақтың тақырыбы:Мағжан әлемі.

Сабақтың мақсаты:Ақынның өмірі мен шығармашылық жолын таныту. Оның өлеңдерін барынша меңгерту, мәнерлеп оқыту, диалог құрастыру.

Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы бойынша өз бетімен тірек- сызба сызу, сөздік қорын молайту, оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне көмек беру.

Өлеңді мәнерлеп , нақышына келтіре оқу білік, дағдыларын дамыту.

Сұлулықты сезіне білу, Мағжандай ойлай, түсіне білу, адамгершілік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Ойын сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: іздендіру, топпен жұмыс істеу, түртіп алу стратегиясы, сұрақ – жауап, топтастыру стратегиясы, мәнерлеп оқу.

Көрнекіліктер: М. Жұмабаевтың портреті, тірек – сызба, презентация – Мағжанның өлеңдері.

Сабақтың барысы.

1.        Ұйымдастыру кезеңі:

-          Бүгін балалар ерекше күн. Біздің жерлесіміз ақын – жазушы М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен танысамыз.

-          Мағжанның есімі қазақ әдебиетінде мәңгілік естелік орын алады.

-          Бүгінгі сабағымызда біз іденіс жолы арқылы жан – жақтан осы адамды қарастырамыз.

-          Біз бүгінгі ұрпақ ақын – жазушы туралы не білеміз, қандай шығармашылық жолдарын танимыз?

Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ даласында, қазақ жерінде қандай

өзгерістер болып жатыр, көз жүгіртейік- 1) тарихи кино түсірілімді оқушыларға ұсыну.

Топпен жұмыс жүргізу: «А», «Б», «Ә», «В» - белгіленген үстелдерге сынып 4- топқа бөлініп, жайғасады.

«А» - топқа тапсырма: 20- шы ғасырдың басындағы « Бес арыстың» - бір өкілі


 

– Мағжан Жұмабаев.

Берілген жаңа сөздермен ( оқулықтан қара)  Мағжан Жұмабаев кім?- деген

сұраққа жауап беру.

«Ә» - топқа тапсырма: Мағжанның балалық  шағы қай жерде, қандай отбасында тәрбиеленді? Сөйлемдерді құрастыру.

«Б» - топқа тапсырма: Мағжанның жастық шағы , қандай оқу орындарында білім алды?  Білім іздеу жолында қандай жазушылардың еңбектерімен танысады, оқып біледі?

«В» - топқа тапсырма: 1937-ші жылдары Мағжан ағамыз қандай жағдайларға тап болады? Оның есімін кімдер жояды? Неге «халық жауы» деген пәле – жала пайда болады?

2.        Тірек – сызба құрастыру: ( барлық топтарға тапсырма).

Жалпы қай ақынның шығармалары болмасын оның көркемдік өрнектерін,шығармаларының ерекшелігін терең танымай баға бере алмаймыз.Ал, Мағжан Жұмабаев поэзиясы тілдік амал-тәсілдерге өте бай.М.Жұмабаев кейіптеу тәсілін де ерекше өзінше бояу қосып қолданған.  Жансызға жан бітіре суреттеп,көз алдымызға әкеледі.Мысалы:

1.Күміс нұрлы ай.Жұлдыздар алмас,жібек жел,

   Сыбырласып жас қайыңдар бұран бел...

                                («Күміс нұрлы ай»)

2.Қара орманның шетінде,

    Нағыз желдің өтінде

    Өскен жалғыз жас қайың.

    Былқ-сылқ етіп билеген,

    Сылдыр-сылдыр күйлеген,

    Болсын онда не уайым.

                                                                     («Мені де,өлім,әлдиле»)

3. Қайғылы қайың!

    Аяныш жайың.

    Сыбырлайсың,

    Дірілдейсің,

    Еңкейесің,

    Күбірлейсің,

    Ызғарлы жел

    Соққан сайын

Категория: Разработки уроков по казахскому языку и литературе | Добавил: школа
Просмотров: 797 | Загрузок: 92 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Поиск
Время и дата

При копировании материалов обязательна ссылка на сайт shkola4.ucoz.net © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz

%